Зертханадағы дәріс

«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің ТПП-41 топ студенттері «Дегустациялық сараптау және органолептикалық бағалау» пәнінен «Дегустаторлардың көру сезімталдығын тексеру» тақырыбы аясында жоғары мектептің зертханасында практикаға бағытталған сабақтар өткізді. Зертханалық сабақ тағамдық шикізаттың сапасын бағалау және ұтымды пайдалану, оның заманауи органолептикалық талдау әдістерін қолдана отырып, құрамын және физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу негізінде жүзеге асырылды. Органолептикалық әдістің тиімділігі, оны қолдану тағамдық шикізаттың және оны қайта өңдеу өнімдерінің құрылымын, құрамын және қасиеттерін, сапасы мен қауіпсіздігін бағалау үшін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретіндігі талқыланды. Практикалық сабақты «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің  оқытушы, магистрі А.Жұмағалиева өткізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу