ҚР Ұлттық ғылым академиясы президиумының көшпелі кеңесі

21 мамыр күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы президиумының көшпелі кеңесі еліміздегі өңірлік ғылымды дамыту тақырыбына арналды.

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқарма төрағасы А.Күрішбаев, еліміздегі ауыл шаруашылығы, ғылым және жоғары білім, су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар вице-министрлері, Парламент палаталарының депутаттары, Ұлттық аграрлық ғылым-білім орталығының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Ғылым қоры» АҚ-ның, ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының, өңірлік бизнес нысандарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға Жәңгір хан университетінің ғылым жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әлжан Шәмшідін де қатысып, «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» бағытында форсайт өткізу жөніндегі сараптамалық топтың жұмысына басшылық етті. Сонымен қатар ғалым өз ойымен бөлісіп, бүгінгі таңда ғылымның кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуына қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін еместігін айтты. – Мәселен, жоғары және орта ғылыми әлеуеті бар елдерде ғылым елдің білімін оның экономикалық және қоғамдық дамуы мақсатында тиімді пайдалануына ықпал етеді, ал ғылыми әлеуеті төмен елдерде ғылым мен экономиканың дамуы арасында әлсіз байланыс байқалады.

Ғылым постиндустриалды қоғамды, ғылымды қажетсінетін және инновациялық экономиканы қалыптастыру мен дамытудағы негізгі элемент болып табылады, бұл ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер, сондай-ақ технологиялар мен инновациялар экономика мен қоғам дамуының өзегі болып табылатын технологиялық көшбасшы елдердің тәжірибесін растайды. Форсайт жеткілікті практикалық және икемді құрал ретінде Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуының басымдықтарын айқындаудың негізіне айналуға, оның ғылыми-технологиялық дамуына жаңа серпін беруге және болашақта ғылымды қажетсінетін өнімдердің әлемдік нарығындағы елдің үлесін арттыруға арналған, – деді Әлжан Смайылұлы өз сөзінде.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу