Үздік менеджер университетке келді

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, пандемияның зардабын индустрия ең көп тартуда.  Себебі тауарларды тарату мен қызмет көрсету нашарлап, шикізаттар мен дайын өнімдерді тасымалдаудың көпжылғы желісі үзілуде. 

Өткен оқу жылынан бастап университеттің оқу үрдісінде жетекші-практиктерді шақыру арқылы студенттермен дәріс және тәжірибе түріндегі сабақтар өткізу белсенді жүргізілуде. Мұндағы басты мақсат – кейіпкердің өңірдегі мемлекеттік немесе жеке кәсіпорын-ұйымдардағы кәсіби жұмысымен, көпжылғы тәжірибесімен танысу.

Осындай кездесу 16 сәуір күні «Экономика және аудит» жоғары мектебінде өтіп, білім алушылар «Диана» Орал тігін фабрикасы» ЖШС директоры Асылхан Орынбековпен жүздесті. Іс-шара барысында БГМУ-31 тобы студенттерінің басшы-лектордың сөзінен агробизнесті жүргізудің тәжірибелік жақтарын көбірек меңгерту көзделді. Бұл оларға оқу кезінде теориялық білімдері мен біліктіліктерін пайдалана отырып, алдағы уақытта өздерінің менеджерлік және ұйымдастырушылық әлеуеттерін жақсартуға септігін тигізері сөзсіз.  

Асылхан Амангелдіұлы жастарға 2016 жылдан бергі кәсіпорынның құрылу тарихы, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы туралы айтып берді. Сондай-ақ қазіргі экономикалық жағдай мен компанияның одан әрі дамуы, өндірісте инновациялық технологияларды тиімді қолдану әдістерін көрнекілік түрінде көрсетті.   

Лекция-кездесудің қонағымен студенттер емін-еркін сөйлесіп, жетістіктері және өзекті өндірістік мәселелер төңірегінде сауалдарын жолдады. Мұндай тәжірибелік бағыттағы лекция, семинар және кездесу түріндегі сабақтар білім алушылар үшін пайдалы әрі тағылымды. Оған қоса жоғары білім ұйымдары мен ғылымның өндіріспен тығыз байланысын көрсетеді.

Берік Хусаинов, «Экономик және аудит» жоғары мектебінің доценті

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу