Уфа университетінің өкілдігі ашылды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің өкілдігі ашылды. Айтулы іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, Уфа университетінің ректоры Олег Баулин мен проректоры Наиль Чанышев, Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов және серіктес компаниялардың басшылары қатысты.

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті өкілдігінің лентасын қию рәсімі ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев пен Уфа университетінің ректоры Олег Баулинге ұсынылды. Бұдан соң батысқазақстандық әріптестеріне Башқұртстан елінің сәлемін бейнеэкран арқылы жолдаған Башқұртстан басшысының әкімшілік жетекшісі Максим Забелин, Ғылым,білім және мәдениет бойына федерация кеңесі комитетінің төрайымы Лилия Гумерова,  Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Ильдар Мавлетбердин қос университеттің арасындағы әріптестік байланыстың кеңеюімен құттықтады. Сонымен қатар Уфа университетінің ректоры О.Баулин Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлына Башқұтстан Республикасының басшысы Р.Хабировтың «Алғыс хатын» табыстады.

Өкілдіктің ашылу салтанатынан кейін қонақтар «Ғылым – аймақтың экономикасы үшін» атты ғалымдардың өндіріске енгізуге дайын ғылыми жұмыстарының көрмесімен және Erasmus+ жобасы бойынша («Жаңа мамандықтар атласы» жобасы аясында) ашылған робототехника жүйелері зертханасының жұмысымен танысты.

Индустриалды-технологиялық институтында өткен іс-шарадан кейін ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Жәңгір хан университетінің ғимараттарын аралап, оқу орнының жұмыс барысымен танысты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу