«Түлектер марафоны» ұйымдастырылды

ҚР Премьер-министрінің өткен жылғы өкімімен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жол картасының жоспары аясындағы марафон ауылдағы еңбек адамдарының мәртебесін арттыру мақсатында өткізілді. Марафонның ашылу салтанатында сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Ұзақбайұлы Сұлтанов спорттық шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Университеттің «Мансап және бизнес-серіктестік орталығы» ұйымдастырған «Түлектер марафонына» биылғы университет бітіруші студенттер мен аграрлық жоғары оқу орындарын тәмамдаған профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлініп, белгіленген қашықтықта жүгіріп, өзара сынға түсті. Шара соңында марафонға белсене қатысқан түлектер марапатталды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу