2020-2021 оқу жылында Жәңгір хан университетін бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанаты басталды.
Бүгін «Политехникалық инстиутты» тәмамдаған 156 білім алушы қолдарына дипломдарын алды. Түлектерді қуанышты сәттерімен құттықтаған БҚАТУ басқарма төрағасы-ректордың орынбасары, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов оларды білім алған оқу ордаларының абыройын төмендетпеуге шақырды. Түлектерді институт директоры Жанна Құбашева және жоғары мектеп жетекшілері де құттықтап, ақ жол тіледі.
Салтанатты кеш барысында қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан түлектер БҚАТУ басқарма төрағасы-ректор А.Наметовтің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Сонымен бірге «Үздік диплом» иегерлерінің есімдері аталып өтті. Институт түлектерінің қатарында Президенттік шәкіртақы иегерлері – Айнаш Олжабаева мен Алина Ильясова бар.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі. Биыл университетті «бакалавр» дәрежесі бойынша барлығы 905 студент бітірді.