Табысты нәтиже

Жәңгір хан университетінің «Биотехнология және жұқпалы ауруларды диагностикалау» зертханасы жануарлар генетикасы жөніндегі халықаралық қоғам (ISAG) ұйымдастырған ірі қара мал мен жылқылардың генетикалық профилін анықтауға арналған халықаралық салыстырмалы сынаққа қатысып, табысты нәтиже көрсетті.

Тестілеу қорытындысы бойынша БҚАТУ зертханасына генетикалық зерттеулердің жоғары сапасын растайтын 1-ранг берілді. Мұндай көрсеткіш зертхананың молекулалық генетика саласындағы әлемдік стандарттарға сәйкес жануарлардың генетикалық профилін 98%-дан 100%-ға дейінгі дәлдікпен анықтай алатынын білдіреді.

Аталмыш зертхана ауыл шаруашылығы жануарлары генетикасының ғылыми бағытын дамытуды жалғастырып, Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орнын нығайтып, селекция саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашып келеді.

📚 Loading…