Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеңіз!

Бүгін университетімізге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Ринат Мұратов келді.

Студенттермен кездескен департамент өкілі болашақ кәсіби мамандарды сыбайлас жемқорлық фактілеріне бүгіннен бастап жол бермеуге шақырды.

– Қазірден бастап сіздердің саналарыңызда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік, адалдық, парасаттылық қағидаттары қалыптасу керек. Жемқорлықтың алдын алу бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – түсіндіру жұмыстары. Егер параның немесе сыйлықтың құны 2 АЕК көлемінен жоғары болса, бұл жерде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Егер аталған көрсеткіштен төмен болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Пара алған тұлға ғана емес, оны берген адам да жауапкершіліктен жалтара алмайды, – деді Ринат Ғаниматұлы.

Сонымен қатар облыс аумағында орын алған сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты статистикалық деректерден де хабардар етті.   

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу