Студенттер тағамдардың сапалық көрсеткішін бағалады

16-18 қазан аралығында “Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары” жоғары мектебінің ТПР-43 топ студенттеріне «Макарон өндірісінің технологиясы» және «Нан өндірісінің технологиясы»,  ТПР-31 топ студенттеріне “Қайта өңдеу өндірістерінің жалпы технологиясы” пәндерінен практикаға бағытталған зертханалық сабақтары өткізілді.

Білім алушылар жергілікті макарон  және нан өнімдерінің  органолептикалық, физика-химиялық сапалық көрсеткіштерін бағалай отырып, алынған жергілікті макарон және нан өнімдерінің стандарт талаптарына жауап беретінін анықтады. Сабақты жоғары мектептің аға оқытушысы, PhD доктор Г.А.Умирзакова жүргізді.

📚 Loading…