Шәкіртақы өседі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға өседі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің шәкіртақысы – 31 423 теңгені, магистранттардікі – 76 950 теңгені, докторанттардікі – 172 500 теңгені құрайды. Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің шәкіртақысы тағы жиырма пайызға артады. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу