Сайыс түрінде өткен шара

Кеше Агротехнологиялық институттың «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінде «Сапалы тағам – денсаулықтың кепілі»  атты шара өтті.

Тағам өндірісі қызметкерлері күніне орайластырылған апталық аясындағы шараны жоғары мектептің магистранттары (МТПРҒ-21,МПБҒ-21 топтары) ұйымдастырды. Шара барысында В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері үш кезеңнен тұратын сайысқа түсті. Олар сұрақтарға жауап беріп, өнімдердің технологиялық сызбасын жасады және көрермен студенттердің қатысуымен табиғи соус дайындады.   

Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу