Ресейлік университеттің өкілдерімен кездесті

8 ақпан күні Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтың  РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Ақпараттық технологиялар және үлкен деректерді талдау факультетінің басшылығымен кезекті кездесуі өтті.

Ақпараттық технологиялар және үлкен деректерді талдау факультеті Ақпараттық технологиялар, автоматтандырылған жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күрделі қаржылық модельдерді, оның ішінде деректердің үлкен көлемін өңдеуге негізделген бакалавриат, магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды. Бұл – оқу жылы басталғаннан бергі екінші кездесу. Кездесуге Қаржы университеті тарапынан: Ақпараттық технологиялар және үлкен деректерді талдау факультетінің деканы, деректерді талдау және машиналық оқыту департаментінің басшысы, э.ғ.д. Гатауллин Сергей Тимурович, Ақпараттық технологиялар және халықаралық жобалар бойынша үлкен деректерді талдау факультеті деканының орынбасары, э.ғ.к. Корчагин Сергей Алексеевич, Ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыс бойынша үлкен деректерді талдау факультеті деканының орынбасары, ф.м.ғ.к. қатысты.

Кездесу барысында біздің университеттердің кадрларды бірлесіп даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу, технологиялар мен әзірлемелер трансфері саласындағы өзара ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, «Мехатроника және робототехника», «Қолданбалы информатика», «Экономикадағы сандық әдістер және деректерді талдау» магистратура бағыттары бойынша қос диплом бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша ынтымақтастықтың одан әрі қадамдары белгіленді. Сондай-ақ, аграрлық инженерия саласында Қаржы университетінің көміртегі балансын бақылау технологияларын дамыту және әзірлемелер трансфері бойынша жобаларға бірлесіп қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу