Ректор Үкімет отырысына қатысты

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырысқа Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына еншілес жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын тігінен интеграцияланған агротехнологиялық хаб ретінде қайта құруды тапсырғаны белгілі. Қазіргі уақытта аталмыш орталықтың құрылымын қайта ұйымдастыру бойынша еншілес ұйымдардың өкілдері ұсыныстар әзірлеп жатыр. Үкімет отырысында Қазақстанның үш аграрлық жоғары оқу орнының ректорлары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов оқу орнында бүгінде өндіріске ғылыми жетістіктерді енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын, ғылыми әзірлемелерді практикаға енгізу үшін жағдай жасалғанын, барлық ғылыми қызмет бизнеспен ынтымақтастыққа бағытталғанын айтты. – Біз жануарларды генотиптеу бойынша қызмет көрсетеміз, 60 асыл тұқымды шаруашылықпен толық ғылыми жағынан көмектесуге шарттар жасастық, 6,5 мыңнан астам генотиптеу үлгілері жүргізілді. Шаруа қожалықтары базасында қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малының 4 зауыттық желісі, «Бішкөл» құс фабрикасы базасында үйректердің 1 кросс және 2 зауыттық желісі құрылды, «Әлем» ШҚ-да Көшім жылқы тұқымының Жәнібек түрі құрылды. Жануарлардың жараларын емдеуге және жұқпалы ауруларға қарсы фитокомпоненттерге негізделген екі антисептикалық препарат жасалды, – деді Асқар Мырзахметұлы. Сонымен қатар бұдан өзге де ғылыми жаңалықтарға тоқталды.

(сурет https://primeminister.kz/ сайтынан алынды)

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу