Познань қаласындағы жаратылыстану ғылымдары университетінің (Польша) президенті, профессор Кзыштоф Шошкевич пен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры Асқар Мырзахметұлы Наметов арасындағы онлайн кездесу өтті. Кездесуге сонымен қатар университет атынан Агротехнологиялық институттың директоры М.Қ.Оңаев, Ғылыми қолдау көрсету бөлімінің басшысы А.М.Қазамбаева, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Л.Ж.Душаева, аталған бөлімнің маманы Г.Х.Иргалиева, сонымен қатар білім беру менеджменті және мониторинг басқармасының жетекші маманы А.М. Губашева қатысты. Серіктес университеттің атынан вице-президент профессор Питер Голинский, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі координатор профессор Роман Холубович, шетел студенттерінің аға кеңесшісі Моника Пеннингтон, қоғаммен байланыс жөніндегі координатор Ивона Плотник қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды: мысалы, Қазақстан мен Польшадағы нақты санитарлық-гигиеналық жағдайлар, білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы ұсыныс, академиялық оралымдылық шарттарын анықтау, мүмкін болатын шешімдер мен ұсыныстар. Сондай-ақ кездесу соңында университеттер әкімшілігі келесі жұмыс кездесуін 2021 жылдың қаңтарына жоспарлады.