Өзбекстандықтар тәлімбақтың жұмысымен танысты

Осы аптаның басында Жәңгір хан университетіне Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің өкілдері жұмыс сапарымен келді.

Аталған министрлікке қарасты Орман шаруашылығы, биоалуантүрлілік және экотуризм саласындағы саясатты іске асыру департаментінің басшысы Бахром Холхужаев пен Ормандарды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және шөлейттенуге қарсы күрес басқармасының бас маманы Сарвар Ахмедовті университеттің ғылым жөніндегі проректоры Әлжан Шәмшідін қабылдап, делегацияның келу мақсатын талқылады. Белгілі болғанындай, өзбекстандық делегациясының мақсаты – Жәңгір хан университеті ғалымдарының тәлімбақта киік өсіру тәжірибесімен танысу.

Бұдан соң меймандар білім ордасының ғалымдарымен бірге қала шетіндегі «Ақбөкен» тәлімбағына барып, қолға үйретілген дала жануарларын көздерімен көріп, ондағы жұмыс барысымен танысты.

📚 Loading…