Өзбекстандық студенттермен кездесті

Бүгін Жәңгір хан университетіне Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасы елшілігінің өкілдері келіп, өзбекстандық білім алушылармен кездесті.

Кездесуге бас елші Атабек Турсынбеков пен елші  Муроджон Шухратов және университетіміздегі «Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің» директоры Лаура Душаева қатысты. Кездесу барысында елшілік өкілдері Өзбекстаннан келген білім алушыларға шетелде оқып жүрген студенттерді қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар, Өзбекстан Республикасының Конституциясына түзетулер жөніндегі алдағы референдум, шетелдіктердің Қазақстан аумағында болу ережелері, Қазақстан елінің заңнамасын  сақтау тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу