Мамандық бойынша практикалық дайындық

Университетте практикалық дайындықты жетілдіру және оның тиімділігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Биылғы оқу жылында оның кредит сандары едәуір ұлғайтылды, практиканың ұзақтығы төрт айға жуық болды.  Ол практика-тағылымдама ретінде, яғни практикадан өту кезеңінде осы ұйымда жұмысқа орналасу мүмкіндігімен ұйымдастырылды. Кәсіпорындарда бос лауазымдар болған жағдайда, егер жұмыс мамандандыру бойынша практика бағдарламасына сәйкес орындалатын болса, студенттер оларға қабылдана алады.

«Жайық Агро LTD» кәсіпорындарында өндірістік оқытудың өте сапалы ұйымдастырылғанын атап өткіміз келеді. «Жайық Агро LTD» компаниясы сиыр, шошқа және құс еттерінен ет және шұжық өнімдерін өндіру мен дайындауға маманданған.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу