Кірпіш өндіру үрдісін бақылады

Жәңгір хан университетінің 6В05200 – «Өнеркәсіптік экология» БББ білім алушылары «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебінің оқытушылары Б.Е. Губашева, Г.З.Каиргалиева және Э.К.Аккерееваның жетекшілігімен «Жастарға экологиялық білім беруді қалыптастырудағы Рециклинг – құрал» және ТДМ 12 «Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілерін қамтамасыз ету» тәрбие жобасын іске асыру шеңберінде өңірлік EcoHab және Green Leader-мен бірлесіп түрлі полиэтилен пакеттерін қолдана отырып, полимерлі құмды плиткалар өндірісіне, сондай-ақ «Алтын Алма Строй» ЖШС-де кірпіш өндірісіне барды.

Экскурсия барысында бас инженер Н.И.Аделев компанияның қызметі туралы айтып, полиэтилен пакеттерін қайта өңдеу және олардан полимерлі құм плиткаларын өндіру технологиясымен таныстырды. Білім алушылар кірпіш пен плитка өндіру үдерістерін көрнекі түрде байқауға мүмкіндік алды.

Кездесу экологиялық және энергетикалық менеджмент жүйелері бойынша ҚР мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің сарапшысы, өңірлік «EcoHab» жобасының басшысы М.Н.Елемесова қолдауымен ұйымдастырылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу