2020 жылдың 4-5 ақпан аралығында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында Эразмус+ 609757-EPP-1-2019-1-RS-EPPKA2-CBHE-JP «Қазақстандағы индустриалды автоматика және робототехника бойынша қосарлы білім беру» (DIARKAZ) жобасының бастапқы кездесуі өтті.
Жобаға Нови-Сад университеті (Сербия Республикасы) жетекшілік етеді.
Бастапқы кездесуге жобаның келесі серіктестік ұйымдардың өкілдерін қоса алғанда, жобаның бүкіл консорциумы қатысты, соның ішінде:
– Нови-Сад Университеті;
– М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті;
– Инновациялық Еуразия университеті;
– Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;
– ФХ Йоаннеум қолданбалы ғылымдар университеті (Австрия);
-Баден-Вюртемберг қосарлы білім беру университеті (Германия);
– “СарыарқаАвтоПром”ЖШС.
Біздің университет тарапынан бұл жобаға ақпараттық технологиялар және машина жасау жоғарғы мектептерінің оқтушылары қатысты. Бастапқы кеңеске университет өкілдерінен Г. А. Камалова, Л. Б. Диярова, К. А. Нариков, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі З. Х. Сұлтанова қатысты.
Erasmus+ қаржыландыратын жобаның негізгі мақсаты Қазақстанда қосарлы білім беруді енгізу есебінен өнеркәсіптік автоматтандыру мен робототехника әлеуетін арттыру болып табылады.
Бірінші отырыста серіктестік келісімге қол қоюмен, жоба сапасын бақылау жоспарын анықтаумен, өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника бағыты бойынша оқытудың қосарлы бағдарламасын әзірлеумен байланысты ұйымдастыру мәселелері қаралды және талқыланды.
Қосарлы білім беру, еуропалық тәжірибе көрсеткендей (Австрия, Германия) болашақ маманның табысты кәсіби және әлеуметтік бейімделуі үшін оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы тығыз өзара әрекеттестіктің жемісі болып табылады.
Осы жоба аясында Қазақстанда Еуропалық бағдармен өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша дуалды оқыту енгізіледі деп болжануда. Жоба аясында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың профессор-оқытушылар құрамы Еуропадағы қосарлы білім беру көшбасшыларының бірі болып табылатын Австрия және Германия университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Жобаны жүзеге асырудың нәтижесі-БҚАТУ-де қосарлы білім беру бағдарламасын енгізу.
Осылайша, қосарлы білім беруді енгізу кәсіпорындар мен ұйымдарда теориялық дайындық пен алдыңғы қатарлы практиканы ұтымды ұштастыруға негізделген оқу процесін ұйымдастыруда айтарлықтай өзгерісті қамтамасыз етеді.