Қандай цифрлық дағдылар заманауи еңбек нарығына бейімделуге көмектеседі

Цифрлық дағдылар студенттердің қазіргі еңбек нарығына бейімделуіне маңызды рөл атқарады. Студенттер кеңсе бағдарламаларымен, онлайн платформалармен, дерекқорлармен жұмыс істеуді үйренеді, бұл олардың цифрлық бизнес ортасына дайын болуына ықпал етеді. Moodle, Zoom, электронды кітапханалар секілді құралдар арқылы студенттер өз бетінше білім алуға және икемділікке дағдыланады. Сонымен қатар олар soft skills — қарым-қатынас жасау, уақытты басқару, цифрлық этика сияқты дағдыларды дамытады. Онлайн командаларда жұмыс істеу, жобаларды платформалар арқылы тапсыру қазіргі заманғы кәсіби қабілеттерді қалыптастырады.

Студенттер Батыс Қазақстан облысындағы цифрландырылған заманауи компанияларда өндірістік тәжірибеден өту барысында, мысалы: “Пойма май комбинаты” ЖШС, “Белес Агро” ЖШС, “Орал трансформатор зауыты” ЖШС, “Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы” АҚ, сондай-ақ “Банк ЦентрКредит” АҚ, “Jusan Bank” АҚ, “Home Credit Bank” АҚ, “IT Group Kazakhstan” ЖШС компанияларында жұмыс істеу арқылы заманауи цифрлық жүйелермен машықтанудың практикалық дағдыларын меңгереді.

Тәжірибе барысында студенттер мынадай бағыттармен танысады: Автоматтандырылған өндірістік желілермен; Цифрлық құжат айналымы және есеп беру платформаларымен; Өндірістік қауіпсіздік пен сапаны цифрлық датчиктер және бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бақылау технологияларымен; Өндірістік ақпаратты жинау, өңдеу және талдау дағдыларымен; Цифрлық байланыс дағдыларымен: есеп беру, бөлімдермен онлайн өзара әрекеттесу; Автоматтандырылған жүйелер мен өндірістік бағдарламалық қамтамасыз ету; Интернет-банкинг және корпоративтік ақпараттық жүйелермен жұмыс; Электрондық құжат айналымы жүйелері, деректерді талдау, Excel, клиенттік базалар және есеп беру жұмысымен; Киберқауіпсіздік технологиялары, электрондық қолтаңбамен танысу; Іскерлік цифрлық коммуникация дағдылары (электронды пошта, Zoom, корпоративтік мессенджерлер); Клиенттермен цифрлық арналар арқылы жұмыс жасау, электронды құжаттарды дайындау және тексеру; Қаржылық қосымшалар мен терминалдарды пайдалану, төлемдер мен операцияларды сүйемелдеу, есептер дайындау.

Осындай тәжірибенің арқасында студенттер:

–  Цифрлық сауаттылықтарын арттырады;

–  4.0 индустрия талаптарына оңай бейімделеді;

–  Еңбек нарығындағы бәсекелестік артықшылықтарына ие болады.

Жұмыспен қамтылу деңгейі – университетте мамандар даярлау тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі.

Еңбек нарығының цифрлық трансформациясы жағдайында біз студенттерімізді өзекті біліммен, практикалық дағдылармен және цифрлық құзыреттіліктермен қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

Төменде 2024 жылғы түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіштеріне талдау нәтижелері көрсетілген.

1-диаграмма. Университет түлектерінің 2024 жылғы жұмыспен қамтылу деңгейі

Жәңгір хан университеті студенттерді үздіксіз дамыған технологиялар жағдайында табысты мансапқа жету үшін өзекті біліммен және практикалық дағдылармен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасайды. Әрбір түлек бәсекеге қабілетті әрі жоғары білікті маман болып шығуы үшін профессор-оқытушылар құрамы заманауи стандарттар бойынша оқыту жүргізіп, үздік тәжірибемен бөліседі.

Еңбек нарығының цифрлық трансформациясы жағдайында біз студенттерімізді өзекті біліммен, практикалық дағдылармен және цифрлық құзыреттіліктермен қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

📚 Loading…