Қайта өңделген бұйымдар көрмесі

«Мал шаруашылығы және биоресурстар» ЖМ оқытушылары Б.Е. Губашева, Г. З. Каиргалиева және Э. К. Аккереева тәрбие және әлеуметтік жұмыс бағыты бойынша инновациялық идеяларды іске асыру барысында «Рециклинг – жастардың экологиялық тәрбиесін қалыптастырудағы құрал» жобасы дайындалды.

Осы жоба аясында 2022 жылғы 9 желтоқсанда қайта өңделетін материалдарды пайдалана отырып, қолөнер конкурсы өткізілді. Қайта өңделетін материалдардан қолөнер жасау жастардың эстетикалық және экологиялық тәрбиесінің маңызды бөлігі болып табылады. Күнделікті өмірде әр түрлі заттарға шығармашылық көзқарасты дамытумен қатар, бұл қызмет түрі жастарға қоршаған ортаны сақтау мақсатында әртүрлі тұрмыстық қалдықтарды жоюға дұрыс көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі. Қолөнер көрмесіне бірнеше экспонаттар дайындалды.

Пластикалық бөтелкелер табиғатқа қауіпті қоқыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады. Сонымен, пластикалық бөтелкелерден 1 курс студенттері Ибрагим Б., Дәулетқали М. және Бейсембай А. пуфтар, ал 4 курс студенттері Елжасов А. және Мурзалиева К. – жаңа жылдық шыршаны безендіруге арналған ойыншықтар дайындады. ПЭ-42 тобының білім алушысы Ж. Кубжанова мүлдем пайдасыз заттарға екінші өмір сыйлаудың бірнеше әдісін ұсынды, яғни,  жанып кеткен шамдарды және Kinder шоколад қаптамаларын безендіру мен сәйкесінше өңдеу арқылы оларды интерьер декорының ерекше элементтеріне айналдыра алды. Білім алушы С.Қыстаубаева аяқ киім қорабынан гүлдерге арналған сәндік себет дайындады. Бірінші курс студенттері – Кенжебаева А. және Саматова А. пластикалық бөтелкелердің қақпақтарынан кәмпит вазасын дайындады. Федосеев Р. және Жанғалиева Ж. сусын банкаларының «кілт-сақиналармен» безендірілген сыр банкасын (қазіргі уақытта мұның бәрі әлемнің қоқыс полигондарында жатыр, өйткені алғашқы «кілт сақинасы» шыққаннан кейін, яғни 50 жылдан астам уақыт ішінде олардың ешқайсысы, тіпті біріншісі де шіріп үлгермеген) бөлме гүлдерін өсіретін құмыраға айналдырды.

Қолданыстағы заңнамалық нормаларға сәйкес, тамақ өнеркәсібінде өсімдік майын қайта пайдалануға канцерогендердің көп болуына байланысты тыйым салынады. Пайдаланылған өсімдік майлары тамақ өнеркәсібінің (мейрамханалар мен кафелер) қалдықтарының негізгі түрлерінің бірі болып табылады және арнайы сақтау және кәдеге жарату ережелерін сақтауды талап етеді:

– кәрізге өсімдік майының көп мөлшерін төгуге болмайды, өйткені бұл қалалық тазарту құрылыстарының жұмысында бітелулер мен үзілістер тудырады. Дәл сол жерде пайдаланылған май өтпейтін массаға айналады;

– қалдықтарды суға немесе жерге төгугеде болмайды, себебі бұл ластануға әкеледі, флора мен фаунаға теріс әсер тигізеді.

Қазіргі уақытта қолданыста болған өсімдік майын жоюдың негізгі әдісі – өртеу, бірақ қазіргі заманғы технологиялар оларды қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Білім алушы З.Төлеғалиева пайдаланылған майды сабын өнеркәсібінде пайдаланудың жолын тауып, әртүрлі хош иістендіргіш қоспалары бар сабынның бірнеше кесегін дайындады.

Р. Өмірзақов бірқатар қасиеттерімен сипатталатын, яғни, антистатикалық, гипоаллергенді, отқа төзімді және өте арзан әрлеу материалын – сұйық тұсқағаздарды макулатурадан дайындауды ұсынды.

4 курс білім алушылары Темірғали А., Қуантқанова Г., Болатбекова А. және Кубжанова Ж. осы тақырып бойынша презентациялар дайындап, баяндамалар жасады.

Жалпы, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді, көрмеге шақырылған қонақтар қызығушылық танытып, әрбір экспонат бойынша оң пікірлерін берді. «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» директоры Асхат Ерболатұлы Окшебаев бизнес-идеялар түрінде одан әрі коммерциялық  бағытта іске асыру үшін кейбір жұмыстарды атап өтті. Бұл іс-шара барлық курс студенттерін біріктірді. Қатысушылар ұжымда жұмыс істеуді үйренді, шешендік және шығармашылық дағдыларға ие болды, сөйлеу өнерін игерді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу