16 қараша күні «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің аға оқытушылары А.С. Купешова., А.К. Абдыгалиева, Ж.Т. Ержанованың жетекшілігімен «Жайық – Анам, Жайық – Елім, Отаным!» социалды-әлеуметтік жобасы аясында «БҚО аймағындағы жер-су экологиялық мәселелер» атты ғылыми семинар өткізілді.
Ғылыми семинарға Батыс Қазақстан экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы Сандуғаш Аманжоловна Акбуранова, ТОО «Экосервис» орталығының жетекшісі Бахытжан Жамбулович Бурханов, «Индустриалды-технологиялық институтының» директоры Сәрсенбек Алиакбарұлы Монтаев, «Экология және биоресурстар» жоғары мектеп аға оқытушылары Акжбек Ахметовна Булекова, Гульдана Зейнуллаевна Кайыргалиева, МХТҒ-11 топ магистранты Баймурзин Дастан және № 50, 25, 49, 10 ЖОББМ ұстаздары мен 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Семинар мақсаты – жасөспірімдер мен жастарды орталықтағы іс-шаралар арқылы ғылыми зерттеулерге бағыттау. Өйткені қазіргі кезде білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастыру, ақпаратты өз бетімен іздену және талдау, сондай-ақ уақытты ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыспен айналысуы қазіргі заманның өзекті мәселесі.
Семинар барысында оқушылар өздерінің әртүрлі бағыттағы ғылыми жұмыстарын қорғады. Әділ-қазылар шешімі бойынша:
1-орынға – № 50 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Жансая Қайролла тақырыбы: «Көп жылдық ағаштарды тұқымдарынан көбейту», жетекшісі Кенжегалиева Нүрзия Амангалиевна;
2-орынға – № 10 ЖОББМ оқушысы Шапанова Назым Тимуровна «Дәрілік өсімдіктер құрамындағы биологиялық белсенді заттар», жетекшісі Дюсенгалиева Акжаркын Болатқызы;
№ 50 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Сансызбай Анеля тақырыбы «Дәнді дақылдарды гидропоника әдісімен өсіру», жетекшісі Қабиева Нұржанат Нұрхатқызы;
3-орынға – № 25 ЖОББМ оқушысы Жаннатова Алина тақырыбы «Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағы жасыл желектерінің қәзіргі жағдайы», жетекшісі Сатыбалдиева Жарқынай Мұратқызы;
№ 10 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Байзрахман Айкүміс тақырыбы «Теректі ауданы Қабылтөбе ауылы маңындағы жыралар мен сайлардың қәзіргі жағдайы», жетекшісі Зиягалиева Малика Бақтығалиқызы;
№ 49 ЖОББМ оқушысы Серікұлы Темірлан «Мектеп жанындағы оқу тәжірибе учаскесінде биогумустың көкөністерге әсерін бақылау», жетекшілері А.Е. Шабахов, Б.А. Габдушева;
№ 10 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Шапагатова Нұрайым Бейбітқызы тақырыбы:«Белес және Аксуат ауылдық округінің экономикалық дамуының экологиялық географиялық факторлары», жетекшісі Байтинова Мөлдір Орынғалиқызы ие болды.