Жәңгір хан университетінде сәуір айында жылдағы дәстүрге сай «Ғылым айлығы – 2025» іс-шарасы басталды.
Биылғы ғылым айлығы Ұлттық құрылтаймен байланысты Тілдерді дамыту орталығы оқытушылары ұйымдастырған дөңгелек үстелмен басталды. Бұдан әрі ғылыми пікірталас, дөңгелек үстел, ғылыми-тәжірибелік талдау, шеберлік сағаты, интеллектуалды ойын, сарапшылық кездесу, экологиялық зерттеу, студенттік ғылыми жарыс, инновациялық жобалар байқауы форматындағы шаралармен жалғасады.
Сонымен қатар «Ғылым, зерттеулер, білім: даму тенденциялары» атты ХХV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, білім алушыларға арналған «Ғылымға жол-2025» ХХІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Ғылым айлығы сәуір айының соңына дейін жалғасады.