Ержан – бесінші мәрте Әлем чемпионы

Жәңгір хан университетінің студенті, өңірімізге танымал спортшы Ержан Ерболат бес дүркін Әлем чемпионы атанды.

Ержан Алматы қаласында өткен қол күресінен жасөспірімдер және жастар арасындағы 44-ші Әлем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде өз бағын сынап, жеңісті бағындырды.

Жалпы Ержан Ерболат бес дүркін Әлем чемпионы ғана емес, бес дүркін Азия чемпионы екенін де мақтанышпен айтып өткеніміз жөн.

Еске сала кетсек, қол күресінен әлемді мойындатқан спортшы жас биыл БҚАТУ-ды «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша бітірген болатын. Қазіргі уақытта университеттің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына (қашықтықтан) оқуға түсіп, өз білімін жалғастыруда.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу