Еңбек жасағы жұмысқа кірісті

Жәңгір хан университетінде жылдағы дәстүрге сай «Жасыл ел» еңбек жасағы мен Студенттік құрылыс жасағының кезекті маусымы басталды.

«Жастар бастамасын дамыту орталығы» директорының орынбасары Мейрам Оспановтың айтуынша, маусымдық жұмысқа тартылған білім алушылар тәжірибе жинақтап қана қоймай, өздеріне табыс табады. Жасақ сарбаздары университеттің көркеюіне, дамуына үлес қосып, аулаларды абаттандыру, көгалдандыру және құрылыс жұмыстарына көмектеседі.

Үш кезең бойынша ұйымдастырылатын маусымдық жұмыстарға жалпы 100 студент қамтылады. Алғашқы кезеңде 33 жас жұмыс жасайтын болады.

Биыл бірінші жыл «Жасыл ел» қатарына қабылданған Меруерт Төреәлі – «Агротехнологиялық» институттың 1-курс студенті. Ол жұмыс жасап қана қоймай, өз мамандығы бойынша мол тәжірибе жинақтарына сенімді. – Өзіміз білім алып жүрген университетімізді гүлдендіруге атсалысамыз. Сонымен бірге бұл жұмыс – бізге тәжірибе жүзінде де маңызды, – дейді ол. 

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу