Индустриалды-технологиялық институт базасында «Мұнай-газ саласында бұрғылау сұйықтықтарын дамыту үшін жергілікті шикізатты қолдану тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған мұнай, газ, геология саласының еңбек ардагері Зоя Дубик қатысты. Сондай-ақ «БейкерХьюс» компаниясында супервайзер болып жұмыс жасайтын магистр Аслан Оспанов ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Отыз жыл бұрғылау сұйықтықтары бойынша инженер болып жұмыс жасаған ардагер «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша білім алушыларға өзінің іс-тәжірибесі жөнінде әңгімелеп берді. Кездесу барысында сапа сипаттамалары бойынша әлемдік орташа деңгейден асып түсетін Погодаев кен орнындағы бентонит сазы тақырыбы қозғалды. Студенттер тарапынан да көптеген сауалдар қойылып, іс-шара қызықты өтті.