Экологиялық форум өтті

18 сәуір күні экологиялық, соның ішінде су тапшылығы мәселесіне арналған Экологиялық форум өтті. Форум «Аmerican Corner Oral» бұрышының базасында өтті. Форумға Жәңгір хан университетінің «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебінің оқытушылары  Г.З.Каиргалиева, Ж.М.Гумарова, А.А.Булекова, Ж.Р.Шарафиева, Сандуғаш.С, сондай-ақ «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасының 2, 3-курс білім алушылары белсене қатысты.

Форумды «Эко Мангистау» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин жүргізді. Кездесуде негізінен су тапшылығы туралы мәселелерге, соның ішінде су тұтыну және сумен қамтамасыз ету сұрақтарына ерекше көңіл бөлінді. Форум бейресми жағдайда өткендіктен, сөз бостандығына тыйым салынбай, белсенді тұрғыда қызығушылық туғызды.

«EcoHab» экоклубының өкілдері, білім алушылар, оқытушылар, «Орал Таза Сервис» ЖШС өкілі С.О.Аюпов, «Алтын Алма строй» ЖШС өкілі М.К.Нұрмұхамбетова және өңірлік «EcoHab» жетекшісі, орнықты даму жөніндегі сарапшы А.Н.Елемесова «қалалық әңгімелер» форматында өз пікірлерін білдірді. Айналымды сумен қамтамасыз ету, ашық септиктерге, құдықтарға қатысты мәселелер, сондай-ақ ағынды сулардың жерасты, жерүсті суларына түсуі және басқа да сауалдар қозғалды. Кездесуде өңірдіңэкологиялық мәселелері бойынша респонденттердің пікірлері талданды. Қатысушылар мен респонденттердің көптеген пікірлері бір-біріне сәйкес келді және кейінге қалдырмай шешу керектігін атап өтті. Экологиялық проблемалар біртіндеп шешілмейді, олар   экономикалық және саяси тұрғыдан да шешілуі қажет.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу