Дәстүрлі спорттық шара

Жәңгір хан университетінде 1-курс студенттеріне арналған дәстүрлі «Сергек бол» спорттық шарасы өтті.

Сенбі күні өткен шараның ашылу салтанатына университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов, қалалық «Орал» спорт клубының директоры Орынбасар Ғилымов және оқытушылар мен студенттер қатысты. 

Салтанатты шарада білім алушылар таңғы жаттығу жасап, жарыс алдында бойларын сергітті. Бұдан соң «Сергек бол» шарасына қатысушылар спорттың сегіз түрінен өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде «Гуманитарлық, спорт және әскери дайындық факультетінің» командасы волейбол (ұлдар, қыздар), баскетбол (ұлдар), үстел теннисі, қол күресі, тоғызқұмалақ ойындарында 1-орынға ие болды. Арқан тарту сайысында Политехникалық институттың командасы басым түссе, футболдан Индустриалды-технологиялық институтының білім алушылары жеңісті бағындырды. Ал шахматтан Экономика және тұрақты даму институтының спортшылары 1-орынға қол жеткізсе, қыздар арасындағы баскетболдан Ветеринария және агротехнология институтының студенттері жеңіске жетті.

📚 Loading…