«Ветеринарлық клиникалық ғылымдар» жоғары мектебінің оқытушылары 6 сәуір күні тәжірибеге бағытталған сабақтар өткізді.
Оқытушылар Р.С.Кармалиев, А.К.Кереев, Ф.Х.Нұржанова, Е.М.Сенгалиев және Д.Е.Габдуллин «Ветеринария» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған сабақтарды «Клиникалық диагностикасы бар ішкі жұқпалы емес аурулар», «Ветеринарлық хирургия», «Ветеринарлық фармокология, токсикология және токсикологиялық талдау», «Ветеринарлық акушерлік және гинекология» пәндері бойынша өткізді. Тасқала ауданындағы «Сажида» шаруа қожалығында жүргізілген тәжірибелік сабақтар барысында шаруашылық базасы таныстырылды, жануарларға клиникалық зерттеулер өткізілді, бұқашықтар ашық және перкутанды әдіспен кестірілді, қазақтың ақбас тұқымды бұзауларына бірдейлендіру жүргізілді, бұзауларға сырға және чип салынды, жануарларға витаминдер берілді, желінсауды анықтау және емдеу, бұзауларды диспепсиядан емдеу және тұяқтарды тазарту жұмыстары жасалды.