Білім күні. Дәстүрлі Жолдау

Бүгін алпыс жылдық белесіндегі Жәңгір хан университеті тағы бір лек білім алушылармен толықты. Сонымен қатар БҚАТУ ұжымы Білім күнінде Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын тыңдап, жылы қабылдады.

Білім күнінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің дәстүрлі Жолдауын жолдады. Әр институтта Жолдауды көпшілік тыңдау ұйымдастырылып, одан кейін профессор-оқытушылар құрамы маңызды құжатты өзара талқылады. Жолдауға қатысты ұстаздардың ой-пікірлері университеттің әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Университет өзінің 60 жылдық тарихи белесінде күні кеше бір топ түлегін қанаттандырса, жаңа оқу жылында тағы бір лек білім алушылармен толықты. Талапкерлерді оқуға қабылдау мерзімі аяқталып, университет жаңа оқу жылындағы жұмысын бастап кетті. Биыл Жәңгір хан университетіне 1300-ден астам студент оқуға қабылданды. Бүгін тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов пен «Жастар бастамасын дамыту» орталығының директоры Асхат Өкшебаев бірінші курс студенттерімен кездесіп, ішкі тәртіп ережесі және білім алушылардың құқығы мен тәртібі жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ ұйымдастыру аптасы аясында жаңадан оқуға қабылданған білім алушылар оқу ғимараттарын аралап, танысып шықты.

  

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу