Білім алушылар қатысты

Жәңгір хан университетінде академик Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ғылымға жол-2024» атты ХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысқан конференция жұмысына келіп түскен 97 мақаланың тоғызы халықаралық және отандық жоғары оқу орындарынан жолданған.

Пленарлық жиында алдымен жас ғалым-ұстаз Ербол Төлегенұлы пайдалы қазбалар құпиясын ашқан әйгілі геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір жолы, ғылымдағы сара жолы, қайраткерлігі туралы баяндады. Бұдан әрі конференцияға қатысушылардың баяндамаларына кезек берілді. Басқосуда ғылымға құштар жастар «Тұйық сумен қамтамасыз ету қондырғылары жағдайы мен тоған шаруашылықтарында өсірілетін бекіре балықтарының нозологиялық профилін анықтаудағы салыстырмалы аспект», «Топинамбур шәрбәтімен байытылған функционалды йогурт технологиясы», «Электр энергиясының сапасы және оны арттыру жолдары», «Ауыл шаруашылығындағы инновацияларды дамытудағы мемлекеттің рөлі» сынды тақырыптар төңірегінде өздерінің мақалаларына арқау болған ғылыми жұмыстармен таныстырды.

Бұдан әрі конференция жұмысы институттарда ауылшаруашылығы, ветеринария ғылымдары және техникалық, экономикалық, гуманитарлық ғылымдар бойынша секциялық отырыстармен жалғасты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу