Бүгін Жәңгір хан университетінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімі студенттермен кездесіп, академиялық оралымдылық бағдарламалары және шәкіртақы бағдарламалары туралы ақпаратты жеткізді. Бұрын Еуропадағы серіктес университеттерде білім алған студенттер Бақытжанов Шыңғыс, Султыгов Рамазан және магистранттар Тулегалиева Зарина мен Сибағатов Сұлтан академиялық оралымдылыққа қатысу тәжірибесімен бөлісті.
