Барлық 3, 4-курс және «Ветеринария» мамандықтарының 4, 5-курс студенттерінің назарына!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 24 маусымындағы №302 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» бұйрығы негізінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне 11 орынның (бакалавриат) бөлінуіне байланысты, 2021 жылына Президенттік стипендияны тағайындау үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды.

Президенттік стипендия тағайындау тәртібі туралы

1. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.

2. Стипендия білім алушылардың келесі санаттарына тағайындалады:

− республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;

− ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

− табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;

− білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

3. Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу басым тұрған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық:

– жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

– бала жасынан мүгедектерге;

– мүгедек балаларға беріледі.

4. Президенттік стипендияны тағайындау үшін кандидатураларды жоғары мектептердің, қоғамдық бірлестіктердің ұсынуымен немесе өзін-өзі ұсынуымен институттар кеңестері ұсынады.

5. Институт директорының орынбасары Президенттік шәкіртақыға үміткердің келесі құжаттарымен СҚКО –ға (ЦОС) жүгінеді:

– Президенттік стипендияға үміткердің өтініші;

– Мінездеме;

– Атаулы дипломдардың, грамоталардың, алғыс хаттардың, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін және университеттің қоғамдық және спорттық өміріне қатысуын растайтын сертификаттардың көшірмелері;

– Институт кеңесі отырысының хаттамаларынан үзінді;

– Президенттік стипендияға үміткердің бүкіл оқу кезеңі бойынша транскрипті (транскрипт ЦОС береді).

Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма университеттің Ғылыми кеңесіне үміткерлердің толық құжаттар пакеті мен тізімін ұсынады.

6. Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны Басқарма Төрағасының бұйрығымен жүзеге асырылады.

7. Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.

8. Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.

9. Стипендияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде ай сайын жүргізіледі.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу