Ауыз су сапасын зерттеу жұмыстары ұсынылды

Индустриалды-технологиялық институт базасында «Ғылым айлығы» аясындағы іс-шаралар жалғасуда.

«Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебі профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «БҚО су ресурстарының мониторингі және экологиялық-сараптамалық бақылау.  Шаруашылыққа және ішуге пайдаланатын ауыз суды өндіру және тазарту технологиясын жасау» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға онлайн режим арқылы «Жайық жылу қуат» АҚ ЖЭО химиялық цехының жетекші инженері А.Өтепова, «Батыс су арнасы» ЖШС зертхана меңгерушісі А.Алекешова, студенттер, магистранттар, профессор-оқытушылар құрамы, жоғары мектеп түлектері қатысты. Дөңгелек үстел барысында жергілікті шикізатты қолдана отырып, облыстың табиғи және жерасты суларын тазартуға қатысты бірқатар сауалдар талқыланды. Себебі институт директоры С.Монтаевтың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына араласып жүрген жоғары мектептің ғалымдарына бұл тақырып етене таныс.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ауыз су сапасын жақсарту жолдарын ұсынды. ХТОВ-31 тобының студенттері химия бойынша тәжірибелік жұмыстарын жүргізсе,  МХТҒ-12 тобының магистранты Маншук Мамбетова магистрлік диссертациясының тақырыбына қатысты зерттеу жұмыстарымен таныстырды.

📚 Loading…