Ауған ардагерлерімен кездесті

Бүгін Жәңгір хан университетінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

Тағылымды іс-шараны студенттік өзін-өзі басқару ұйымы мен университеттегі «Әскери кафедра» ұжымы бірлесе ұйымдастырды. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Асқар Кониров, Анатолий Боровский, Сергей Пунгин, Жәрдем Молдағалиев қатысты.

«Әскери кафедра» студенттері Ауған соғысы жайында баяндамалар оқып, студенттер әскери-патриоттық әндер шырқап, қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Ауған соғысының куәгерлері өздерінің сол шайқаста бастан кешкен қиындықтары туралы әңгімелеп, кездесу кешін ұйымдастырған Жәңгір хан университетінің басшылығы мен «Әскери кафедра» ұжымына алғыстарын білдірді. Патриоттық кездесу соңында қонақтарға естелік сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды. Тақырыптық баяндамалар оқыған студенттерге дипломдар берілді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу