Студенттер үйінің студенттер кеңесі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  университетіне қарасты 3 Студенттік жатақхана орналасқан.

№1 (Жәңгір хан 45/1) Студенттер жатақханада – 840 орын, №2 (Жәңгір хан 49) Студенттер жатақханасында – 540 орын, №3 (Жәңгір хан 43) Студенттер жатақханасында – 560 орынмен қамтылған.

«Жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес ұсынылады (әлеуметтік жеңілдікпен қамтылған студенттерге Студенттер үйінен міндетті түрде орын беріледі).

Ең бірінші орында мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылмайтын қандастар.

Студенттер үйіне орналасу кезінде «Жатақханада тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтары» екі тілде түсіндіріледі. Оларға жеке-жеке әр қайсысының қолына ішкі тәртіп (жаднама) беріліп, студенттерге Студенттер үйінде тұру қауіпсіздігін сақтау мақсатында өртке қарсы бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылады. Студенттердің тұрмыстық жағдайлары мейлінше жақсартылған.

Студенттер үйінің тұрғындары ғаламтор ресурстарын қалыпты қолдану және спорттық-мәдени іс-шаралармен айналысу мүмкіндіктеріне ие. Студенттер үйлерінде оқытушылар кезекшілік міндеттерін атқарып, Студенттік кеңестері мен Студенттік старостаттарының да жұмыстары тиімді ұйымдастырылуда. Студенттер үйінің студенттері уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі патриоттық, рухани, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс шаралар ұйымдастырылады.

Студенттер кеңесі

Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Студенттер кеңесі – бұл ең алдымен БҚАТУ-дың белсенді жастары. Олардың негізгі міндеті – БҚАТУ қалашығын гүлдендіру және Студенттер үйі тұрғындарының тазалығын, тәртібін қадағалау ғана емес, сонымен қатар Студенттер үйі өмірін жандандыру мақсатында мәдени іс-шаралар (спорттық, рухани, би кештері, дебаттар, ойын-сауық кештері) байқаулар ұйымдастыру. Студенттер кеңесінің жастардың патриоттық рухын дамытуда, жауапкершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыруда, өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамытуда айтарлықтай зор үлесі бар. Аталмыш студенттер кеңесі үшін жатақханадағы әрбір студент маңызды. Өйткені, Студенттер кеңесі студенттердің студенттер үйіне орналасуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік және басқа да құқықтарын қарастырып, олардың мүдделері мен мәселелерінің шешімдерін жатақхана төрағаларымен, студенттік кеңес мүшелерімен ақылдаса отырып табуға тырысады.

Студенттік кеңес танымал ғалымдармен, қоғам қайраткерлерімен, Қазақстандық эстрада жұлдыздармен кездесу ұйымдастырады, конференциялар мен әр түрлі тақырыптағы кездесулер өткізеді. Сол себепті Жоғары студент кеңесі жастардың дамуында ерекше орын алады.

Студент кеңесінің мақсаттары:

– «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңын орындау;

– Университет жастары мен студенттерінің өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамыту;

– Студенттер үйінде тұратын студенттердің азаматтық рөлі мен жауапкершілігін дамыту;

– Студенттік жастардың отансүйгіштік рухын үйлесімді дамыту;

– Қоғам игілігіне студенттердің тұлғалық және интеллектуалдық, потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау.

Кеңестің қызметтері:

– Студенттік кеңестің жоспарын құрастыру, сондай-ақ Студенттер үйі жұмысының жылдық жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

– Студенттер үйіне студенттерді орналастыру туралы шешімнің қабылдануын қадағалау;

– Студенттер үйінде тұратын студенттердің әлеуметтік және басқа да құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

– Студенттер үйінде тұратын студенттерді университеттегі мәдени-жалпыламалық және басқа да іс-шараларға қатыстыру.

Сондай-ақ, әр студенттер үйінің өз төрайымдары мен әр қабаттың старосталары бекітілген.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу