Қазақстандағы оқу мен өмір сүру

Қазақстан жайлы

Халық саны: 20 миллионнан астам адам (2023 ж.)

Ауданы: 2 724 900 шаршы км. (1 052 089 шаршы миль)

Географиялық орналасуы: Орталық Азия; Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түрікменстанмен шекаралас

Климаты: өткір континентальды

Тәуелсіздігі: 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап

Бас қала: Астана (1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап)

Ресми тілдері: мемлекеттік тіл – қазақ, сондай-ақ орыс тілі кеңінен қолданылады.

Этникалық құрамы: қазақтар – 63,07%, орыстар – 23,7%, өзбектер – 2,85%, украиндықтар – 2,08%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,28%, немістер – 1,11 %, басқалары – 4,51%

Валюта: теңге (KZT)

Экономикалық көрсеткіштері:

ЖІӨ: 179,332 млрд АҚШ доллары

Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 9 686 АҚШ доллары

ЖІӨ жылдық өсімі: 4,5%

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес Қазақстан басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырады.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша ел 14 облыстан және республикалық маңызы бар 3 (Астана ,Алматы және Шымкент) қаладан тұрады.

Экспортталатын басты тауарлар – кен өндіру, отын-энергетикалық, металлургия және химиялық өнеркәсіптер, сондай-ақ астық индустриясы.

Қазақстан өңір мен әлемнің тұрақтылығын нығайтуға үлкен үлес қосады. Мұны Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мен 2010 жылдың желтоқсан айында Астанада осы беделді халықаралық ұйымның Саммит өткізуі дәлелдейді. ЕҚЫҰ-ның азиялық баламасы АӨСШК  жобасын іске қосу мен дамыту елдің маңызды бастамасына айналды. Қазақстанның ислам әлеміндегі жетекші ұйымы – ИЫҰ төрағасы ретіндегі жасампаз қызметі де оң баға алды.

Еліміз жаһандық ядроға қарсы қозғалыста көшбасшы ретінде танылған. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде сайлануы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің маңызды жаһандық проблемаларын шешуде өзінің белсенді рөлін халықаралық деңгейде тану болды.

Экономиканың барлық саласындағы тұрақты өсім, халықаралық деңгейде танылу, саяси тұрақтылық қазіргі Қазақстан қоғамының өсіп-өркендеуінің негізіне айналып отыр. Қазақстан – бұл өзінің мәдени дәстүрлерін сақтап, болашаққа ұмтылған және зор жасампаз әлеуетін қазіргі заманғы әлемде табысты іске асырып отырған ел. 

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу