Yessenov Data Lab 2024 – бұл қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларына нақты практикалық жұмыстарда үйрету, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 4 апталық интенсив.
Мектепті өткізу мерзімі: 17 маусым – 13 шілде 2024 жыл. (3 апта онлайн – 17 маусымнан 5 шілдеге дейін және бір апта оффлайн форматта – 8-13 шілде аралығында Алматы қаласында өтеді).
Қатысушылар саны: 20 адам.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ:
Бағдарламаға қатысушылар: 18 жастан асқан ҚР азаматтары, жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлер, қазақстандық жоғары оқу орындарындарының техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында білім алып жатқан бакалавриат және магистратура, докторантура студенттері.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- күшті аналитикалық қабілеттер;
- Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысуға және/немесе IT технологияларды дамытуға қызығушылық пен ниет;
- статистика және сызықтық алгебра негіздерін білу.
- бағдарламалау негіздерін білу (кез келген бағдарламалау тілінде).
Өтінім берушіде келесі параметрлерге сәйкес келетін жеке жабдық (компьютер/ноутбук) болуы керек.
Ұсынылатын параметрлер:
- CPU Intel Core Gen 7 және одан жоғары, Mac Silicon M1 және одан жоғары;
- RAM (ОЗУ) 6 Гб және одан жоғары.
Артықшылық болып табылады:
- ғылыми салада қызығушылықтың болуы;
- өзінің ғылыми мақалалары, материалдары, кез келген зерттеулердің нәтижелері, және басқалары;
- B1 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу.
Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі элементтері пайдаланылуы мүмкін.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылдың 14 наурызынан 17 сәуірге дейін.
Міндетті құжаттар:
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Транскрипт (барлық семестрлер) немесе бакалавриатты бітіргені туралы дипломның бағалары бар көшірмесі (магистранттар мен мамандар үшін);
- «Мен деректерді талдауды келесідей мақсатта үйренгім келеді…» тақырыбындағы эссе (7 сөйлемнен кем емес және 750 сөзден артық емес);
- Түйіндеме.
Қосымша құжаттар:
- Үміткердің ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін және/немесе белгілі бір ғылыми салада білдірілген мүдделерін көрсететін Портфолио және де тиісті растауларды ұсыну қажет: курстардан өту – 2 құжаттан артық емес*; жеке ғылыми мақалалар – 2 құжаттан артық емес*;олимпиадаларға және/немесе конференцияларға қатысу – 2 құжаттан артық емес*;мақалалар, материалдар, кез келген зерттеулердің нәтижелері. ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда).
*Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Үміткер өз жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 17 сәуірінде Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады (UTC+5). Қабылдау мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.