«Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына» сәйкес, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді (ер балалар мен қыздар) қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.
Әскери кафедрада оқу:
- БҚАТУ-дың студенттері үшін – тегін негізде;
- басқа ЖОО-ның студенттері (ұлдар мен қыздар) үшін – ақылы негізде;
- запастағы сержанттар үшін оқу 1 жыл – ақылы негізде.
Құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Студенттерді конкурстық қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №716 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және әскери-дәргерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес бекітілген медициналық куәландырудан өту – ағымдағы жылдың ақпан-мамыр айларында;
- Кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу, дене шынықтыру дайындығын тексеру, конкурстық қабылдау – 2024 жылғы 10-21 маусым аралығында.
Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі.
Әскери кафедрада өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 5 ақпаннан 31 мамырға дейін, күн сайын сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.
Оқуға ниет білдірген студент әскери кафедраға келіп, өтініш жазады және өзімен бірге мына құжаттарды алып келуі тиіс:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы);
- тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- көлемі 3х4 – 2 фотосурет;
- сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат;
- Факультет (институт) деканының қолы мен деканаттың мөрі қойылған студенттің ЖОО-да нақты оқуы туралы анықтама;
- үш парақ – А-4 форматты ақ қағаз.
Оқуға түсу жөніндегі сұрақтар бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасына жолығыңыз немесе 50-16-57 телефонына хабарласыңыз (ішкі тел. 2-25, 1-88). [email protected]
Әскери кафедра