ИДЕЯҢМЕН БАСТА — ДАЙЫН ЖОБАМЕН ШЫҚ!

Инновациялық жобаларға арналған интенсивті бизнес-инкубациялық бағдарлама


2026 жылғы 21 сәуір – 6 мамыр
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ бизнес-инкубаторы

Сізде инновациялық идея немесе жоба бар, бірақ оны нарыққа қалай шығарып, қаржыландыру тартуды білмейсіз бе?

Біз сізге бұл жолды жылдам, сауатты және нәтижелі өтуге көмектесеміз!

Сіз не аласыз:

✅ QazInnovation коммерцияландыру конкурсының 1-кезеңіне қатысуға жобаны дайындау
✅ Бизнес және ғылым саласындағы сарапшылардан практикалық білім
✅ Жобаңызды жеке жетілдіру (индивидуалды пысықтау)
✅ Бағдарламаны аяқтағаныңыз туралы сертификат

Бағдарлама кімдерге арналған:

  • Стартапшылар мен кәсіпкерлерге
  • Ғалымдар мен зерттеушілерге
  • Инновациялық идеясы бар студенттер мен магистранттарға
  • Қаржыландыру тартып, әзірлемелерін коммерцияландыруды қалайтын барлық қатысушыларға

Форматы:

  • Интенсивті оқыту
  • Практикалық кейстер
  • Сарапшымен жеке жұмыс
  • Конкурсқа дайындық

Сіздің идеяңызды небәрі 2 апта ішінде табысты жобаға айналдыру мүмкіндігі!

Тіркелу және толық ақпарат:

Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау офисінің жетекшісі
Айешева Гүлшат, +7 705 387 06 01, gulshat74@bk.ru

Джигильдиева Жанылсын, +7 705 513 20 04, j_zhanylsyn@mail.ru

Гранттық бағдарлама жеңімпаздарының қатарынан көріну мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Орын саны шектеулі!

Loading…