Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 2022 жылдың 12 сәуірінде студеттер, магистранттар және докторанттардың «ҒЫЛЫМҒА ЖОЛ – 2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтетінін хабарлайды.
Сіздерді конференция жұмысына университет студенттерінің, магистранттар мен докторанттардың баяндамаларымен қатысуға шақырамыз.
Конференция жұмысына қатысу үшін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде 1-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген мақалаларды жіберу қажет.
Мақалаларды жариялау үшін ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына жолдау қажет [email protected]
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу және жинақтың электронды нұсқасында мақалалар жариялау тегін.
Конференция нәтижелері бойынша тезистер жинағын электрондық түрде шығару қарастырылған, ол университеттің сайтында орналастырылатын болады.
Қатысу формалары: күндізгі, сырттай.
Барлық мақалалар плагиатқа қарсы жүйеде бірегейлікке тексеріледі, түпнұсқалық деңгейі 70%-дан кем болмауы керек, немесе жұмыс баспаға қабылданбайды.
Авторлар сілтемелердің мақалалар тізімінде келтірілген деректердің дұрыстығы, сондай-ақ сілтемелердің, фактілердің және қолжазбадағы статистикалық мәліметтердің дұрыстығы үшін жауап береді.
Талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімінен кеш жіберілген тезистер қабылданбайды. Ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысу үшін мақаланы таңдау және редакциялау құқығын өзіне қалдырады.