«Автомобильдер» мамандығы бойынша әскери даярлық курсынан өткен запастағы сержант бейбіт және соғыс уақытында бөлімдер мен бөлімшелерде қызмет өткеруге арналған.
Біліктілік талаптар
Запастағы сержант:
жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, әскери-техникалық және жалпыәскери дайындыққа ие болуы;
базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
бейбіт және соғыс уақытында әскери автомобиль техникасын пайдалануды ұйымдастыруды;
ҚР ҚК қабылданған техникалық қызмет көрсету жүйесін, жылжымалы техникалық қызмет көрсету құралдарын;
әскери автомобиль техникасын сақтауды ұйымдастыруды; әскери автомобиль техникасының жай-күйін тексеруді және бағалау тәртібін;
парк қызметін ұйымдастыруды және әскери автомобиль техникасын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын.
Істей алуы қажет:
бөлімше машиналарының тұрақты жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуді және қолдауды;
жылжымалы және стационарлық құралдарды пайдалана отырып, техникалық диагностикалауды және техникалық қызмет көрсетуді орындауды;
әскери автомобиль техникасын есепке алу, есептен шығару және пайдалануды жоспарлау жөніндегі құжаттаманы жүргізуді;
жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуді.
Әскери атағы
Запастағы кіші сержант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51