Аштықты жою

ТДМ 2. Аштықты жою 13 ұлттық индикатордан тұрады (https://stat.gov.kz/ru/sustainable-development-goals/goal/2/).  Қарастырылып отырған кезеңдегі өзгерістерді бақылауға болатын осы ТДМ индикаторлары негізінен оң динамиканы көрсетеді. Мәселен, 2.1.1 “Тамақтанбаудың таралуы, пайыз” индикаторының көрсеткіші 4,6% – дан 1,4% – ға дейін төмендеді. Сонымен қатар, “Ішкі нарықтың отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу үлесі” индикаторы ерекше назар аударуды талап етеді. Осы индикатор бойынша тұрақсыз динамика байқалады. Мысалы, 2022 жылы отандық өндірістегі қанттың үлесі 42,6%, 2023 жылы – 51%, 2024 жылы – 44% құрады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 11 тауар позициясы бойынша ішкі нарық 100% және одан да көп (бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз, қияр), 13 азық-түлік тауарлары бойынша қамтамасыз етілу 80% және одан да көп (тауық жұмыртқасы, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, шошқа еті, пияз, асхана қызылшасы, ашытылған сүт өнімдері, май, алма). 5 Азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділік бар (құс еті (73%), шұжық өнімдері (60%), балық (54%), ірімшік және сүзбе (57%), қант (42%).

Жәңгір хан Университеті студенттер мен университет қызметкерлері арасында, әсіресе аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер арасында аштыққа жол бермеу жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады. Жыл сайын жетім балаларға 2 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

📚 Loading…