Өтініштер қабылдау мерзімі – 1 маусым – 15 шілде 2021 жыл
Оқуға түсу емтихандарын өткізу мерзімі – 20 шілде – 10 тамыз 2021 жыл
Магистратураға қабылдау – 2021 жылдың 28-ші тамызына дейін
- КТ аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі;
- Өтініштерді қабылдау ҚР БҒМ ҰТО АЖ арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады;
- Тестілеуге кіргізу кезінде тұлғаны анықтау көлемді-кеңістіктік нысанды сканерлеу арқылы іске асырылады;
- Магистратураға КТ компьютерлік форматта өткізіледі;
- Электронды сертификат беру қарастырылған;
- Апелляция онлайн форматта. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсуші тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады;
- Магистратураға түсушілер ҰТО сайтында алдын-ала тестілеуден өте алады.
Кешенді тестілеу (КТ):
- Шетел тілі бойынша тест немесе шетел тілін меңгергендігін растайтын сертификат;
- Білім беру бағдарламалары тобының бейіндері бойынша тест;
- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест.
P.s. Университеттің білім беру бағдарламалары (мамандықтары) туралы толық ақпаратты университет сайтынан оқи аласыздар. Білім беру бағдарламаларын таңдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу бойынша сұрақтарыңызды [email protected] электронды поштасына жолдасаңыз болады. Толығырақ мәлімет алу үшін байланыс телефондары: + 7 7112 50 24 01, 50 21 42, + 7 777 268 00 77, +7 707 681 00 75