«Рухани жаңғыру» орталығы ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі идеяларын іске асыру мақсатында «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру тұжырымдамасы», «Тәрбие жұмысының тұжырымдамасы» дайындалды және екі электрондық оқулықтар шығарылды.
Орталықтың оқытушыларының ұйымдастыруымен жыл бойы әртүрлі іс-шаралар: кездесулер, көпшілік дәрістер, форумдар, акциялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, көрмелер, қайырымдылық айлықтары, т.б. өткізіледі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағыттары
І. РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ
Рухани-адамгершілік тәрбие беру ісі ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, оқу-тәрбие үрдісінде жастардың рухани мәдениетін қалыптастыру мен рухани-адамгершілік құндылықтарға баулудың әдістемелік жолдарына негізделеді.
Мақсаты: өркениетті, азаматтық, адамгершілік қасиеті мол, ұлттық құндылықтарын жоғалтпаған, бәсекеге қабілетті, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қазіргі жастардың білімділігі, еңбекке деген ынтасы, олардың отаншылдығы мен парасаттылығы, толеранттылық қасиеті болашақта ел тағдырын айқындайтыны белгілі. Көпұлттылық жағдайында Қазақстан жастары әртекті ортада жұмыс жасауға дайын, басқа мәдениеттің құндылықтарын құрметтеуге қабілетті болуға тиіс.
ІІ.БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ
XXI ғасыр – жаңа технологиялардың ғасыры, осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру Қазақстан жастарының еншісінде. Білім беру жүйесіндегі қазіргі талаптар ғылым, техника, мәдениет, экономика, технология, әлеуметтік ортаның дамуымен тікелей байланысты. Көптілділікті меңгеруді жолға қою – бүгінгі күннің басты талабы.
Мақсаты: студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, студенттердің білім және ғылыми байланыстарын дамытуға көмектесу.
ІІІ. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша адам денінің саулығы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді. Университетіміздің “Рухани Жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру жоспары ұжымның денсаулығын сапалы жақсартуға, жаңа құнды басымдықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Мақсаты: студенттердің денсаулықтарын сақтап, нығайтуға қозғау салу, жастар арасындағы салауатты өмір салты мәдениетін насихаттау және қолдау көрсету.