Ветеринария және агротехнология институты
1. Дайындық бағыты: Өндірістік және өңдеуші салалар
– «Тағам өнімдерін өндіру» білім беру бағдарламалары тобы (БББТ) – 1 оқытушы (магистр).
Индустриалды-технологиялық институт
1. Дайындық бағыты: Өндірістік және өңдеуші салалар
– «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» БББТ – 1 аға оқытушы (магистр немесе PhD докторы, ғылым кандидаты);
– «Мұнай-газ ісі» БББТ – 1 аға оқытушы (PhD докторы, ғылым кандидаты), 1 оқытушы (магистр).
2. Дайындық бағыты: Сәулет және құрылыс
– «Сәулет» БББТ – 1 аға оқытушы (магистр немесе PhD докторы, ғылым кандидаты);
– «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» БББТ – 1 аға оқытушы (PhD докторы, ғылым кандидаты), 1 оқытушы (магистр);
– «Кадастр және жерге орналастыру» БББТ – 1 аға оқытушы (PhD докторы, ғылым кандидаты).
Политехникалық институт
1. Дайындық бағыты: Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау және «Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар» БББТ (Өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі) – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 оқытушы (магистр).
2. Дайындық бағыты: Көлік қызметтері – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы),1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD),1 аға оқытушы (магистр).
3. Дайындық бағыты: Инженерия және инженерлік іс
– «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» БББТ – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD), 1 аға оқытушы (магистр);
– «Механика және металл өңдеу» БББТ (Тау-кен өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары; Машина жасау; Мехатроника; Робототехникалық жүйелер) – 3 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 3 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD), 3 аға оқытушы (магистр);
– «Электротехника және энергетика» БББТ – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 оқытушы (магистр);
– «Электротехника және автоматтандыру» БББТ – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (магистр).
4. Дайындық бағыты: Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD), 1 оқытушы (магистр).
5. Дайындық бағыты: Агроинженерия – 1 аға оқытушы (магистр).
6. Дайындық бағыты: Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау (Физика) – 1 аға оқытушы (магистр);
Цифрлық экономика және тұрақты даму институты
1. Дайындық бағыты: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және «Ақпараттық технологиялар» БББТ – 2 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 3 аға оқытушы (магистр), 2 оқытушы (магистр);
Гуманитарлық, спорттық және әскери даярлық факультеті
1. Пәндік мамандандыру бойынша педагогтерді даярлау:
– «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» БББТ – 4 аға оқытушы (магистр);
– «Алғашқы әскери даярлық мұғалімдерін даярлау» БББТ – 1 оқытушы;
– «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» БББТ – 1 оқытушы.
2. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау:
Биология (жас ерекшелік анатомиясы, физиология және гигиена) – 1 аға оқытушы (магистр).
3. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтерді даярлау
Әлеуметтік-саяси білім беру (тарих, әлеуметтану, психология) – 2 оқытушы (магистр).
4. Тілдер мен әдебиет бойынша педагогтерді даярлау:
– «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББТ (ағылшын тілі) – 3 оқытушы;
– «Орыс тілі» БББТ – 1 оқытушы.
Біліктілік талаптары
Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына (төмендегі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс):
- Бейіні бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы және ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
- Бейіні бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болуы.
Аға оқытушы лауазымына (төмендегі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс):
- Бейіні бойынша жоғары арнайы білімі және ғылыми-педагогикалық немесе өндірістік қызмет өтілі кемінде 5 жыл.
- Бейіні бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық немесе өндірістік қызмет өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Бейіні бойынша ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық немесе өндірістік қызмет өтілі 3 жылға дейін.
Оқытушы лауазымына (төмендегі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс):
- Бейіні бойынша жоғары арнайы білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
- Бейіні бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:
- Ректордың атына өтініш (еркін түрде);
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
- Өмірбаян;
- Жоғары білім туралы дипломдардың, академиялық және ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды растайтын құжаттардың көшірмелері (түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады);
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмелері (бар болған жағдайда) және түпнұсқалары;
- Ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
- №075 нысанындағы медициналық анықтама.
Анықтама алу үшін мекенжай: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51, Индексі 090009, Әкімшілік корпус, Персоналмен жұмыс басқармасы.
Телефон: 8 (7112) 50-24-63.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2026 жылғы 21 тамыз, сағат 18:00-ге дейін.