Семинарға шақырамыз!

«Ақназар-Жайық» ЖШС мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті «Батыс Қазақстан облысының құрғақ дала аймағында суаруда жоғары ақуызды мал азығы дақылдарын өсіру» коммерцияландыру жобасы бойынша өтетін семинарға  қатысуға шақырады!

Семинардың мақсаты:

– коммерцияландыру жобасының нәтижелерімен таныстыру;

– әлеуетті сатып алушыларды, серіктестерді және инвесторларды тарту;

– суаруда соя өсіру, технологияларды коммерцияландыру және өнімді жылжыту саласында құзыреттерді арттыру.

Өтетін күні: 2025 жылғы 9 қазан, сағат  9:00–18:00.

Өтетін орны: Орал қаласы, Мөңкеұлы көш., 51а, «Zere Hall», 1-қабат, конференц-зал.

Іс-шара сындарлы диалог, тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық алаңы боларына сенімдіміз.

Байланыс ақпараты:

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубация кеңсесі (Гульшат Айешева, тел.: +7 705 387 06 01, e-mail: aieshevagulshat@gmail.com)

«Ақназар-Жайық» ЖШС (инженер-технолог Ахмет Ихсанғали, тел.: +7 775 220 55 03)

📚 Loading…