Бос жұмыс орындары (Әскери кафедра)

Бос жұмыс орындары: Әскери кафедра

  1. «Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану» мамандығы бойынша – 2 бірлік оқытушы;
  2. «Зымыран әскерлері мен артиллериясы  бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану» мамандығы бойынша – 2 бірлік оқытушы;
  3. «Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша – 1 бірлік оқытушы;
  4. «Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу» мамандығы бойынша – 1 бірлік оқытушы;
  5. Аға инженер – 1 бірлік;
  6. Жүргізуші-нұсқаушы – 1 бірлік.

Қойылатын біліктілік талаптары: 

Профессор-оқытушылар құрамы үшін: Ғылыми (академиялық) дәрежесі және/немесе запастағы (отставкадағы) капитаннан төмен емес әскери атағы, 5 жылдан кем емес әскери қызмет тәжірибесі, цикл бойынша даярлау жүргізілетін мамандықтардың біріне сәйкес әскери-есептік мамандығы (ӘЕМ) болуы, жағымсыз себептерсіз қызметтен босатылған болуы қажет.

Аға инженерге қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары білімі мен әскери атағы болуы, жағымсыз себептерсіз жұмыстан босатылған болуы, инженерлік лауазымдарда 1 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы тиіс;

Өз құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша толық көлемде білімінің, жауапкершілігінің болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет.

Іскерлік деңгейде мемлекеттік тілді білуі, дербес компьютерде жұмыс жасай алуы және өзінің біліктілігін тұрақты түрде арттыруы керек.

Жүргізуші-нұсқаушыға қойылатын біліктілік талаптары::

Орта арнаулы білімі, жүргізуші куәлігі ((В, С, D, Е санаттары (тіркемемен жүру кезінде) және 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар төмендегі құжаттарды ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін тапсыруы тиіс:

1) ректордың атына өтініш (еркін түрде);

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;

3) өмірбаян;

4) жоғары білімі, академиялық, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы дипломдардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);

7) №075 нысаны бойынша медициналық анықтамасы.

Анықтама үшін мына мекенжайға жолығасыз: БҚО, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51, инд. 090009, Әкімшілік ғимарат, Персоналмен жұмыс жөніндегі басқарма, тел.: 8 7112 50-24-63.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 25 тамыз 2025 жыл, сағат 18.00-ге дейін.

📚 Loading…