Шетелде оқу үшін үміткерлерді іріктеу

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің
2025 жылғы 26 наурыздағы «2025 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша орындар санын бекіту туралы» №133 бұйрығына сәйкес Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен шетелде білім алуға конкурс жариялаған болатын.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде республикалық бюджет есебінен шетелде оқуға қатысу байқауына келесі үміткерлер құжаттарын тапсырды:

  1. Қобланды Камилла – «ПЭ-22» тобының студенті
  2. Меңдешов Дәулет – «КД-21» тобының студенті
  3. Мерханов Ернар – «ИС-24» тобының студенті
  4. Ниярова Томирис – «СТР-25» тобының студенті
  5. Нұрқожақызы Назерке – «ЛД-21» тобының студенті
  6. Соловей Феликс – ««ЭС-32»» тобының студенті
  7. Темірболат Алмат – «БЖП-31» тобының студенті
  8. Оразалин Айхан – «СТР-22» тобының студенті

Үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы
8 мамыр күні сағат 14.30-да өтеді. Өтетін орны – Халықаралық ынтымақтастық бөлімі жанындағы мәжіліс залы. Аталған үміткерлердің комиссия отырысына уақытында келулері сұралады.

📚 Loading…