Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Агротехнология институты:

1.Дайындау бағыты бойынша өндірістік және өңдеу салалары және “тамақ өнімдерін өндіру” білім беру бағдарламалары тобы (МББ) – 1 бірлік оқытушы (магистр).

Біліктілік талаптары:

     Оқытушы үшін (талаптардың біріне сәйкестігі):

1.Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар бейіні бойынша жоғары арнаулы білімнің болуы.

2.Бейіні бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар жарияланған күнінен бастап 30 күн ішінде мынадай құжаттарды тапсыруы тиіс:

1) ректордың атына өтініш (еркін нысанда).

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

3) Өмірбаян;

4) жоғары білімі, академиялық, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы дипломдардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

6)ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);

7) № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама;

Анықтама үшін мына мекенжайға хабарласыңыз: БҚО, Орал қ., Жәңгір хан к-сі, 51, инд. 090009, әкімшілік корпус, персоналмен жұмыс жөніндегі басқарма, тел.: 8 7112 50-24-63. Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2024 жылғы 20 тамыз сағат 18.00-ге дейін.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу